Журналист қазір басқа елде тұрып жатыр.
Қазақстандық журналист және қоғам қайраткері Дана Орманбаеваға халықаралық іздеу жарияланды. Оның үстінен ұлтаралық араздықты өршіту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
– Алматы полиция департаментінің тергеу басқармасы ұлтаралық араздықты қоздыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Сот "қамауға алу" түріндегі бұлтартпау шарасына сырттай санкция берді. Сонымен бірге, күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды, – деп хабарлады полициядан.