$ 521.9  593.5  6.39

10 облыста ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жарияланды

Жетісу облысында желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Фото: theglobeandmail.com
Фото: theglobeandmail.com

Қазақстанда 26 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар аймақтарында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарының кей жерлерінде екпіні секундына 15-20 метрге жететін қатты жел соғады.

Жетісу облысында желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Синоптиктердің болжамынша, Ұлытау облысында да жел соғады, екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді.

Ақтөбе, Қостанай, Түркістан, Маңғыстау облыстарында және Ақтау қаласында тұман күтіледі.

Жамбыл облысында, Таразда тұман, екпіні секундына 23-28 метрге жететін жел күтіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 8
Күлкілі 3
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары