27.01.2025, 02:30

Жамбылдық полицей жолда қалған шетелдік туристерді қонақ етті (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Ол - Жамбыл облыстық полициясы басқармасы полиция батальонының инспекторы, аға лейтенант Серік Есенғали. 

Жамбыл облысында полиция қызметкері боранды күні жолда қалған шетелдік қонақтарды үйіне шақырған әрекеті елдің сүйіспеншілігін тудырды. Халықтың жылы лебізін тудырған видеоны кәсіпкер Талғат Белесов өз Instagram парақшасына жүктеген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бейнежазбада жолдағы полиция қызметкері шетелдік қонақтарды мінген көлікті ауа райына байланысты үйде бір-екі күн қонақ болуды ұсынған. Ол - Жамбыл облыстық полициясы басқармасы полиция батальонының инспекторы, аға лейтенант Серік Есенғали. 

«Айша бибі ауылының тұрғындары боранда жолда қалған барлық жолаушыға үйлерін ашып, ыстық тамақ ұсынып жатыр. Серік есімді полиция қызметкері бізді жол үстінде тоқтатып, жол ашылғанша өз үйіне қонақ етті. Сонымен қатар Тараз қаласының басқа да полиция қызметкерлері жолаушыларға қолдау көрсетіп жатыр. Қазақтың бірлігі арта берсін!", - деп жазды автор бұл туралы. 

Полиция қызметкері қонақтарды шаңырағына қондырып, ұлттық тағам тартып, қазақы қонақжайлықпен таныстырған.