$ 516.85  537.68  5.26

Оралда тонау және бопсалау дерегі бойынша күдікке ілінген қыздар ұсталды

Тергеу деректеріне сәйкес, былтыр қазан айында күдіктілер колледж студентін өз шотынан 40 мың теңгені аударуға мәжбүрлеген.

Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz

Орал қаласының екі тұрғыны бірнеше қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды. Тергеу деректеріне сәйкес, былтыр қазан айында күдіктілер колледж студентін өз шотынан 40 мың теңгені аударуға мәжбүрлеген, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

Сонымен қатар тергеу барысында ұсталғандардың бірінің басқа да қылмыстарға қатысы бар екені анықталды. Ол мектеп оқушысынан ақша бопсалап, колледж студентінің қаражатын иемденіп, сондай-ақ басқа студенттің ұялы телефонын ұрлап, оны ломбардқа өткізген.

Аталған деректер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Қылмыстық кодекске сәйкес тонау және бопсалау әрекеттері үшін ауырлығына байланысты 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», - делінген полицияның таратқан хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары