$ 502.47  525.83  5.68

Шымкенттіктер VIP нөмір сатып алу бойынша көш бастап тұр

 Қазіргі уақытта ерекше нөмірлердің бағасы 200 мың теңгеден басталып, 1 миллион теңгеге дейін жетуі мүмкін.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

2023 жылы шымкенттіктер 4 мыңнан астам ерекше нөмірді сатып алу үшін 1 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсады. Қазіргі уақытта ерекше нөмірлердің бағасы 200 мың теңгеден басталып, 1 миллион теңгеге дейін жетуі мүмкін. Бұл туралы Sкifnews.kz ақпарат порталы Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Шымкентте танымал нөмірлер қатарында 010-нан 090-ға дейінгі комбинациялар, сондай-ақ 707, 077 және 777 сандары ерекше сұранысқа ие болды. Сонымен қатар, 17-аймақ коды бар нөмірлерді шымкенттіктер жиі таңдайды.

«Сұраныс өте жоғары. VIP нөмірлердің бағасы өссе де, олар әлі де танымал болып отыр. Қазіргі уақытта АЕК 3932 теңге, бұл көрсеткішке сәйкес, осындай нөмірлердің бағасы да айқындалады», – деді Шымкент қаласының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы №1 бөлімінің басшысының орынбасары Нұрхан Байсейітов.

2018 жылға дейін көлік иелері кейбір стандартты емес әріптермен жазылған нөмірлерге тапсырыс бере алатын. Бірақ шектеулер енгізілгеннен кейін мұндай нөмірлер берілмейді.

Сонымен қатар, кейбір жүргізушілер көлік терезелеріне жазулар немесе қосымша нөмірлі жапсырмаларды жапсырады. Алайда бұл әрекет те арнайы ережелермен реттеледі. Белгіленген нормаларды бұзу әкімшілік шараларға алып келеді.

«Егер бұл жарнама жазулары болса, әріптердің биіктігі 75 мм-ден аспауы тиіс. Қандай да бір дәйексөздер немесе афоризмдер жазуға болады, бірақ есім, телефон нөмірі немесе электронды пошта қоса алмайсыз», – деп түсіндірді Шымкент қаласы ДП ПӘК процессинг орталығының инспекторы Төлеген Боранбаев.

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында енді VIP нөмірлер көрсетілмейді. Жүргізушілер енді қажетті нөмірді мәліметтер базасынан таңдай алады. Бұл жаңашылдық бірегей нөмірлерді алу процесін жеңілдетуге және азаматтарға қызмет көрсетуді жақсартуға бағытталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары