$ 502.47  525.83  5.68

«Таңдандырудан жалықпайды»: Асхат Ниязов Шымкент көшесіндегі замануи әжетхананың видеосын жариялады

Ақша ұрланбаған жағдайда осындай болады.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Журналист Асхат Ниязов Шымкент қаласында орналасқан қоғамдық әжетхананың жағдайына таңданды, - деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

Асхат Ниязов бөліскен видеодан Шымкент көшесінде орналасқан әжетхананың жақсы жай-күйін байқауға болады. Дәретханада керек-жарақтың барлығы бар. Соңғы үлгіде жасалған. Оның маңдайшасында miras.tazalyq деп жазылған. Журналистің өзі Шымкенттен мұндай жаңашылдықты күтпегенін жасырмай айтты. 

Осы тұста желі қолданушыларының пікірі сан түрлі болды. 

"Ақша ұрланбаған жағдайда осындай болады", "Шымкентте тұрамын. Бірақ мынаны бірінші рет көріп тұрмын", "Мұндай қымбат әжетхана орнатудың не керегі бар? Орнына бірнеше қарапайымын орнатуға болатын еді", -  деп жазды олар.

Асхат Ниязовтың бұл видеосына университет ректоры үн қатып үлгерген.

"Құрметті желі қолданушылары, бұл әжетхана толығымен Мирас университетінің қаражатына салынды. Мемлекеттік бюджеттен бір тиын да алынбай, қала әкімі Ғабит Сыздыбековтің қолдауымен тұрғызылды. Бұл қазірдің өзінде екінші нүкте (Спутник алаңы). Біріншісі өткен жылдың ортасында іске қосылды. Оны ғылыми жоба аясында салып жатырмыз. Кіру үшін QR кодын сканерлеп, тіркелу керек. Электр қуаты өшіп қалған жағдайда резервтік қуат көзі қарастырылған. Жоба әлі де пилоттық, бірақ кеңейту жоспары бар. Құрметпен, «Мирас» университетінің ректоры – Нұркен Халықберген", - деді ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары