27.01.2025, 13:20

«Дикий Арман» 20 жылға сотталды

Фото: Stan.kz

Атышулы қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевке «Қаңтар» оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырғаны және оған қатысқаны үшін айып тағылған.

Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған Арман Жұмагелдиев 20 жылға сотталды, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

Қаңтар оқиғасында жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысты деген күдікпен ұсталған кәсіпкер Қайрат Құдайберген 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Арман Жұмагелдиев 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

 Атышулы қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевке «Қаңтар» оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырғаны және оған қатысқаны үшін айып тағылған. Тергеу болжамы бойынша, ол кездейсоқ өтіп бара жатқан 20-дан астам адамды ұрлап, қару-жарақ ұрлап, адамдарды заңсыз ұстап, олардың бостандығын шектеген.

Осы іс бойынша тағы бір айыпталушы, Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің 5-басқарма бұрынғы басшысы Руслан Ысқақов бар. Ол Жұмагелдиевтің қылмыстық тобына қолдау көрсеткен деп айыпталды. Тергеу материалдары бойынша, Ысқақов «Дикий Арманға» Алматыдағы алаңда адамдарды жиналуға ұйымдастыруды тапсырған.

Сонымен қатар қаңтар оқиғасы бойынша Руслан Ысқақов — 15 жылға сотталды, ал Талғат Махат — 1 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды.

Еске салсақ, бұған дейін "Қалаулым" бағдарламасы арқылы танылған Бердах Бекетов Қаңтардағы бүлікке қатысқаны үшін 7 жылға сотталғанын хабарлағанбыз.