Александр Лукашенко дауыс беру қорытындылары бойынша 86,82 пайыз дауыс жинаған.
Қазақстан мен Беларусь президенттері телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы Беларусь Республикасының Президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады.
Тараптар екіжақты күн тәртібінің, сондай-ақ өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметтеріне сәйкес, Александр Лукашенко дауыс беру қорытындылары бойынша 86,82 пайыз дауыс жинаған.