28.01.2025, 08:30

Скандинавиядан жеткен антициклон: Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Фото: wikipedia.org

Бұған дейін синоптиктер циклон әсерінен 2025 жылғы 28-30 қаңтар аралығында Қазақстанға тұрақсыз ауа-райы болатынын ескерткен. 

Синоптиктер алдағы сейсенбі, 2025 жылғы 28 қаңтарға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, Скандинавия аумағынан Қазақстанға жылжып келген антициклон әсерінен, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасады.

"Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде тұман, еліміздің орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында қатты жел болады деп күтіледі", делінген болжамда.

Бұған дейін синоптиктер циклон әсерінен 2025 жылғы 28-30 қаңтар аралығында Қазақстанға тұрақсыз ауа-райы болатынын ескерткен.