$ 498.69  522.23  5.79

Адам ұрлау фактісі: Хуторлық Хасанға қатысты тың дерек шықты

2024 жылдың қарашасында Талғардағы Шерзат Болаттың өлімінен кейін елге танылып кеткен Хасан Қасымбаевты полиция ұстап әкетті. 

Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Хасан Қасымбаевқа қатысты бір қылмыстық істі қарау тоқтатылды, деп Sкifnews.kz ақпарат порталы Bugin.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Сотқа дейінгі тергеу аясында сот Қасымбаевты қамауға алуды ұзарту туралы шешім қабылдады. Оған қатысты іс адам ұрлау фактісі бойынша тергеліп жатыр. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр”, - деп мәлімдеді Алматы облысы полиция департаменті.

Осылайша Талғар ауданы тұрғыны Хасан Қасымбаевқа қатысты адам денсаулығына ауыр зиян келтірді деген іс тоқтатылған.

Еске салсақ, 2024 жылдың қарашасында Талғардағы Шерзат Болаттың өлімінен кейін елге танылып кеткен Хасан Қасымбаевты полиция ұстап әкетті. Қасымбаев екі айға қамауға алынған. Ол 2021 жылы тұрғынның денсаулығына ауыр зақым келтіргені үшін ұсталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары