29.01.2025, 08:30

«Көктайғақ, бұрқасын, жаңбыр»: Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Фото: pixabay

Абай облысының батысында, солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын.

Синоптиктер ертең, 29 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Астанада түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын. Оңтүстік батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Жетісу облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын, күндіз облыстың батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20, кей уақытта 25 м/с-ке жетеді. 

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде қар, облыстың шығысында аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Күндіз қар, облыстың батысында кей уақыттарда қалың қар жауады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге, кей уақыттарда 23 метрге дейін жетеді. 

Абай облысының батысында, солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні - 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-18 метрге дейін жетеді. 

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде қар, ал облыстың орталығында аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Облыстың шығысында кей уақыттарда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақмола облысында түнде қар, күндіз жауын-шашын жауады, облыстың оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі. Бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с-ке жетеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ, облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с болады.

Шымкентте таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Кей уақыттарда тұман.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, шығысында көктайғақ сақталады, облыстың солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын соғады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.

Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ.

Павлодар облысында қар, облыстың батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Қостанай облысында қар, бұрқасын. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ.

Атырау облысының оңтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ.