$ 519.28  540.05  5.31

«Мынау не енді, Ғабит»: заңгер шетелден легионер сатып алған Шымкент әкіміне шүйлікті

Ең сорақысы әлгі ганалық доп қуушы бюджет қаражатын шығындайтындай керемет ойыншы да емес.

Фото: Kyn.kz
Фото: Kyn.kz

Қоғам белсендісі, заңгер Айгүл Орынбек Шымкент қаласының әкімін сынға алды. Сөзінше, Шымкент футбол клубы арзанқол шетелдік футболшыны бюджет ақшасына сатып алған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев болса мемлекеттік бюджет қаражатын үнемдеу керектігін үнемі айтып келеді. Бірақ оны тыңдайтын Шымкент әкімдігі жоқ.

«Тоқаев  бірнеше мәрте қатаң ескертіп, «шетелдік легионерлерді сатып алуды тоқтатыңдар» деп тапсырма берген болатын. Бұл сөзді ел басшысы шілде айында отандық футболдың болашағын талқылау барысында ашық айтты. Алайда күні кеше Шымкент қаласы әкімдігі «Ордабасы» футбол клубына 22 миллион теңгеге Ганадан легионер сатып алған»,- деп жазды Айгүл Орынбек.

Ең сорақысы әлгі ганалық доп қуушы бюджет қаражатын шығындайтындай керемет ойыншы да емес.

«Ал мынау не енді Ғабит Сыздықбеков?  Біздің футболшы жігіттерден қай жері артық мынаның? Статистикасына қарасақ, легионердің әр клубта ұзақ тұрақтамай, жиі ауысқаны байқалады.

Футболистердің арасына абыройы жоқ аутсайдерді 22 миллион теңге не үшін сатып алдыңдар?

Енді бұның ай сайын төлейтін жалақысы қанша болмақ? Президенттің тапсырмасын орындаңдар,  бюджет қаржысын үнемдеңдер!»,  — деп қатаң ескерту жасады заңгер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Ашулы 6

Серіктес жаңалықтары