$ 519.28  540.05  5.31

Перуашев Тоқаевтың «елімізді депутаттар мазақ қылады» деген сынына жауап берді (ВИДЕО)

Олар нашар елге аяқ баспайды.

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Бір күн бұрын президент жекелеген азаматтар, оның ішінде депутаттар Қазақстанды келемежге айналдырып жатқанын айтты. Интернетте Тоқаев «Штрафтстан» туралы мәлімдемесі интернетте мемге айналған мәжілісмен Азат Перуашевты меңзеп отыр деген болжам жасады. Енді Перуашев Тоқаевтың сынына байланысты жауап берді, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

Ол Қазақстанды «штрафстан» деп атағанын сәтсіз термин ретінде мойындады.

«Бұл терминді айтқаным дұрыс болмады. Ол рас. Мойындаймы. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтқанымен келісемін. Елімізді жақсы көруіміз керек. Өйткені бұл – біздің Отанымыз. Басқа Отанымыз жоқ. Еліміз туралы айтқан кезде оны басқалары қалай қабылдайтынын ескеругеніміз жөн. Ескеру керек, президент тек депутаттар туралы ғана емес, блогерлер мен қоғам қайраткерлері жайлы да айтты. Біз шетелдік инвесторлар мен туристердің елімізге келгенін қалаймыз. Олар нашар елге аяқ баспайды. Олар өзін құрметтейтін және мақтанатын дүниесі бар мемлекетке барады», - деді Перуашев.

Еске салсақ, 28 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Жиын барысында президент танымал азаматтардың Қазақстанды мазақ қылуға әуестеніп бара жатқанын сынаған.

«Өзге елдердің өкілдері жоқ жерден керемет жетістіктерді, табыстарды тауып алып, оны шетелге жан-жақты насихаттап жатады. Ал біздің азаматтар, олардың ішінде шоу-бизнес өкілдері, өзін-өзі қоғам белсендісі санайтын жастар, тіпті, депутаттар да бар, Қазақстанға неше түрлі лақап ат қоятын болды», - деді Тоқаев.

Ал 2024 жылдың 4 желтоқсанында Мәжілісте «Ақ жол» партиясының жетекшісі Азат Перуашев Қазақстанды «штрафстан» деп атаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 4
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары