29.01.2025, 15:40

«Пайдалы букет»: Депутат Дәулет Мұқаев жұбайына бір шоқ картоп сыйлады

Фото: видео скриншот

Сәл-пәл романтикаға жақындығым бар енді. 

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев жұбайына бір шоқ картоп сыйлады. Депутат картоп қымбаттаған уақытта бұл гүлден пайдалы сыйлық болғанын жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Видеода депутат жұбайына бір шоқ картоп сыйлаған сәті түсірілген. Картоптың гүл іспеттес етіп оралғанын көруге болады.

"Сәл-пәл романтикаға жақындығым бар енді. Әрі картоп қымбаттаған уақытта гүлден пайдалы болып тұр. Отбасымызбен жейміз", - деп жазды депутат бейнежазба сипаттамасында.

Желі қолданушылары депутаттың видеосына түрлі пікір қалдырған.

"Иә, рас, гүл емес картоп керек болып тұр дәл қазір маған да", "Күшті идея екен. Өмір тым қысқа, әр сәтіміз бағалы", "Одан да соны төмендетуге әрекет жаса, балам. Қазақстаннан шығады, бірақ қымбат", " Қымбат ол букет негізі. Картоптың бағасы 370 теңге болып жатыр қазір", - деп пікір қалдырды желі қолданушылары.