30.01.2025, 04:30

Енді қазақтар «ең қонақжай халықпыз» деп мақтана алмайтын болды

Фото: egemen.kz

Рейтингке өкінішке қарай, Қазақстандағы бірде-бір өңір енбеген. Туристер саяхаттың ең жағымды тұсы деп қонақжайлылық пен қауіпсіздікті атаған.

Booking.com сайты саяхатшылардың пікіріне сүйене отырып, 2025 жылы баруға тұрарлық жаһандағы ең қонақжай жерлердің рейтингін жіпке тізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Зерттеу  барысында 360 миллионнан аса шынайы пікір ескерілген.

Саяхаттаушылар қонақүйлерде қонып, жалға берілетін көліктерде немесе таксиде отырып көрген соң ғана пікір қалдырған.

Рейтингке өкінішке қарай, Қазақстандағы бірде-бір жер енбеген. Туристер саяхаттың ең жағымды тұсы деп қонақжайлылық пен қауіпсіздікті атаған.

«Бұл тізім кофеханалар мен жағажайлардан ортағасырлық қалалар мен тропикалық елді мекендерге дейінгі әлемдік бағыттардың әртүрлілігін көрсетеді. Олардың барлығы ұмытылмас оқиғаларға шабыттандырады», – дейді қызмет өкілдері.

2025 жылы әлемдегі ең қонақжай 10 орын:

Сигирия, Шри-Ланка; Касорла, Испания; Урубичи, Бразилия; Таупо, Жаңа Зеландия; Сент-Огастин, АҚШ; Орвието, Италия; Манисалес, Колумбия; Кведлинбург, Германия; Ко-Ланта, Тайланд; Честер, Ұлыбритания.

Әлемдік рейтингтің көш басында ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне кірген Шри-Ланканың Матале ауданындағы биіктігі 180 метр болатын бірегей жартас Сигирия тұр. Екінші орында Испаниядағы Касорла, ал үздік үштікті Бразилиядағы Урубичи қаласы түйіндеді.