$ 518.14  537.57  5.27

Жағдайы ауыр: Алматыда көпқабатты үйдің кіреберісінен жаңа туған сәби табылды

Қазіргі уақытта қыз бала жансақтау бөлімінде өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Фото: pixabay
Фото: pixabay

Алматыдағы екі қабатты үйдің тұрғындары кіреберістің екінші қабатында, бір пәтердің есігінің алдында жаңа туған қыз баланы тауып алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Мәліметтерге сенсек, оқиға бейсенбі күні күндіз болған. Шошып кеткен адамдар бірден полиция мен жедел жәрдем шақырған.

"Бала ауруханаға жатқызылды. Оның жағдайы ауыр. Қазіргі уақытта қыз бала жансақтау бөлімінде өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", – делінген хабарламада.

Полиция қылмыстық іс қозғады. Баланың анасының кім екені әлі анықталған жоқ, оны іздестіріп жатыр.

"Оперативті басқару орталығының хабарлауынша, жаңа туған қыз баланы Чернышевский көшесіндегі үйлердің бірінің тұрғындары тауып алған. Түрксіб ауданының полиция басқармасы аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", – деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 4

Серіктес жаңалықтары