$ 518.14  537.57  5.27

«Нағыз әже»: Голливудта кимешекпен қыдырған ақжаулықты ана жұртты тәнті етті (ВИДЕО)

Нұржамал Қасымованың ұлы отбасымен бірге Америкада тұрады.

Фото: коллаж Sn.kz
Фото: коллаж Sn.kz

Оқырмандарына блогер апа лақап атымен танымал Нұржамал Қасымова парақшасына Лос-Анджелесте серуендеп жүрген видеосын салды. Видео желі қолданушылары арасында жылдам тарап кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Нұржамал Қасымованың ұлы отбасымен бірге Америкада тұрады. Ол ұлына қонаққа барып тұрады. 

Ол жақында Лос-Анджелестегі Голливуд бойымен серуендеп жүрген видеосын бөлісті. Бұл видеода көпшіліктің назары әсіресе апаның үстіндегі кимешекке түсті. Желі қолданушылары қазақ әжеге жылы лебіздерін білдіріп, тілектерін жаудырды.

"Апамның сұлулығының қасында Голливудтың сұлулығы көрінбей қалды ғой", "Нағыз әже", "Әдемі жарасып тұр", "Осы кісінің жолын берсін", "Қандай әдемі апа", - деп жазған әлеуметтік желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары