31.01.2025, 16:00

Ақмола облысында жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

Фото: Pixabay

Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр, сараптама тағайындалды.

Ақмола облысында жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан бір адам қаза тапты, тағы екі адам жарақат алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, апат 30 қаңтар күні Көкшетау-Рузаевка автожолында болған.

– Оқиға орнына жеткен полицейлер 2001 жылы туған жүргізуші тіркемесі бар Audi B5 көлігін Көкшетау бағытында жүргізіп келе жатып, қарсы жолға шығып кетіп, Shacman көлігімен соқтығысқанын анықтады, –  делінген хабарламада.

Жеңіл көліктің жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Түрлі жарақат алған екі жолаушы ауруханаға жеткізілді.