$ 518.14  537.57  5.27

Дикий Арман қайда отыр? - ҚАЖК жауабын берді

Үкiм заңды күшiне енгеннен кейiн сотталғандар қауiпсiздiк санаты мен жазаны өтеу орындарының бөлiнуiне сәйкес белгiленген мекемелерге ауыстырылады.

Фото: Orda.kz
Фото: Orda.kz

Қаңтар оқиғасы кезінде жасаған қылмыстары үшін сотталғандардың барлығы қазір заңға сәйкес тергеу изоляторларында қамауда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы orda.kz-ке сілтеме жасап.

 

Ал үкiм заңды күшiне енгеннен кейiн сотталғандар қауiпсiздiк санаты мен жазаны өтеу орындарының бөлiнуiне сәйкес белгiленген мекемелерге ауыстырылады.

«Бұл процесс белгіленген стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады және бұл жағдайда ешқандай ерекшелік жоқ. Аудару бейнетіркегіштер мен бейнебақылау камералары арқылы жүзеге асырылады»,  деп хабарлады ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті.

Ведомстводағылар сотталғандардың жақын туыстарына олар баратын қамауда ұстау орны туралы дереу хабарланатынын қосты. Ал сотталғандардың заңда көзделген барлық құқықтарына кепілдік берілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары