$ 518.14  537.57  5.27

ШҚО-да 27 жастағы жігіт үш туысын балталап тастап, өртеп жіберген

Жас жігіт бірден үш адамның өмірін қиған

Фото: coffeepapa.ru
Фото: coffeepapa.ru

Өскеменде туыстарын аяусыз өлтірген ер адам ұсталды. 27 жастағы жігіт 3 адамның денесін жөртөлеге тастап, үйді өртеп жіберген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Криминальный Казахстан» Telegram арнасының мәліметінше, оқиға 30 қаңтарда Өскемендегі жер үйдің бірінде болған. Алдымен үйден өрт шыққан. Жергілікті өрт қызметі тілсіз жаудың бетін қайтарған соң, үйдің жертөлесінен басы пышақ және балтамен жараланған 3 адамның мәйіті табылған. Олар 79 жастағы үй иесі, оның бірге тұратын 69 жастағы әйелі және 51 жастағы туысқаны болып шықты.

Полиция қайғылы оқиға болардан бұрын көз жұмғандар бірге арақ ішіп отырған дейді. Көп ұзамай күдікті қолға түсті. 27 жастағы ер адам туыстарын өлтіріп, қылмысын жасыру үшін үйге өрт қойған.

«Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Полиция қылмыстың себептерін объективті зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекетін жүргізеді», — делінген ШҚО полициясының хабарламасында.

Қазір ҚК 99-бабы 2-бөлігі бойынша іс қозғалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары