01.02.2025, 15:30

Бала граната ұстап, үйіне кірген: жарылыстан бүтін отбасы қаза болды

Фото: trend.az

Тағы екі адам ауыр жараланған.

Әзербайжанның Агджабеди ауданына қарасты Хиндарх ауылындағы үйлердің бірінде қол гранатасының жарылуы салдарынан бүтін бір отбасы қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бала оны отбасы мүшелеріне берген сәтте жарылыс механизмі іске қосылып, бір отбасының бес мүшесі қаза тапты, ал екеуі жарақат алды. Қаза тапқандардың үшеуі – бала.

Әзербайжанның Бас прокуратурасы бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатқаны айтылды.