$ 504.34  556.34  5.97

«Үстіне хиджаб киген»: Алматы облысында күзде жоғалған әйелдің денесі табылды

Белгілері: бойы 160 сантиметр, дене бітімі арық, шашы ұзын қара, көзі қоңыр.

Фото: instagram/volontery_almaty_lider.kz
Фото: instagram/volontery_almaty_lider.kz

2024 жылғы күзде жоғалып кеткен Алматы облысының тұрғыны екі айдан кейін өлі табылды. Бұл туралы Lider.kz еріктілері Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

1994 жылы туған Хамит Айша Мұратбекқызы 26 қарашада жоғалып кеткен. Бұл күні ол Еңбекшіқазақ ауданы Қырбалтабай ауылы Наурыз көшесі 6-үйден шыққан.

Белгілері: бойы 160 сантиметр, дене бітімі арық, шашы ұзын қара, көзі қоңыр.

Үстінде қара қысқа күрте, хиджаб киген.

Еріктілердің айтуынша, әйел 30 қаңтарда өлі табылған. Өлімнің мән-жайы айтылмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары