03.02.2025, 13:00

«Қазақ тілін «улы қызға» теңейтіндей бұл кім, соншама!?»: Журналист Асхат Ниязов жұртқа жақпай қалды (ВИДЕО)

Фото: esquire.kz

Қазақ тілін үйренем-үйренбеймін деп несіне бұлданып отыр! Ұлы қазақ тілі саған қарап қалған жоқ. 

Журналист Асхат Ниязовтың қазақ тілі туралы айтқан пікірі халыққа жақпай қалды, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде оның ана тіліміз туралы видеосы тарады.

«Қазақ тілін «токсичная девушка» деп, ана тілімізді «улы қызға» теңейтіндей бұл кім, соншама!?

Қазақ тілін үйренем-үйренбеймін деп несіне бұлданып отыр! Ұлы қазақ тілі саған қарап қалған жоқ. Ұнамаса көшіп кет, келген жағыңа, әкесс...

Моңғолияның Налайх және Хэнтий қаласынан көшіп келген қазақтарды білемін. Қазақша бір ауыз сөз білмейтін. Бір-екі жылдан соң қазақша мақалдап сөйлей бастағанын көзіммен көргем. Осы орыстілділер неге осындай болады, а?! Миыма қан шаптырып жіберді ғой...», - деп журналист Айдос Жұқанұлы желіде жазба жариялады.

«Мәңгүрттердің мәңгүрттігі де, топастығы да міндет болды ғой қазаққа....», «Тарбағатайдың Тұғылына балықшылардың арасына 3 айға апарып тастаса орыс тілін ұмытып қалар еді», «Қабырғаның астына 3рет ыңқа-ыңқа деген соң…», «Бұны шолжаңдатпай орнына қою керек!» десті журналистің желіде тараған видеосын көрген көпшілік.