03.02.2025, 17:00

Шымбұлақта шетелдік туристер төбелес шығарды (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Оқиға 1 ақпан күні кешкі уақытта болған. 

Желіде Шымбұлақтағы төбелескендердің видеосы тарады. Кадрлардан "Шымбұлақ" базалық стансасындағы төбелеске бірнеше адам, оның ішінде шаңғыға керек жабдықтарды киген адамдар да қатысқанын көруге болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға 1 ақпан күні кешкі уақытта болған. Шаңғы курорты әкімшілігінің мәліметінше, бір топ шетелдік мас қонақ шаңғы мектебінің қызметкерлерімен жанжалдасқан.

Қонақтардың біріне сол уақытта қолы босамай тұрған кассирді ұзақ күткені ұнамай қалған. Әуелі қызметкермен сөзге келіп, сосын көшеде алыса кеткен. Қызметкерлер полиция шақырған.

Жанжалды демалыс орнының қауіпсіздік қызметі тоқтатқан.

"Тәртіп бұзғандарды тәртіп сақшылары алып кетті. Оқиғаға байланысты дереу ішкі тексеріс жүргізіліп, белгіленген қауіпсіздік стандарттарына сәйкес қажетті шаралар қабылданды", - деп хабарлады Шымбұлақ әкімшілігі.