04.02.2025, 08:30

Қазақстанда ақпан айында ауа райы қандай болады?

Фото: rasfokus.ru

Жалпы,  ақпан айы – жылдың ең құбылмалы айларының бірі, бұл ай ауа температурасының күрт өзгеруімен сипатталады.

Қазгидрометтің хабарлауынша, ақпан айында республика аумағында екпінді жел, тұман және көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жалпы,  ақпан айы – жылдың ең құбылмалы айларының бірі, бұл ай ауа температурасының күрт өзгеруімен сипатталады.

Ақпан айының басында солтүстік-батыс циклонының әсерінен жауын-шашынды бұлтты ауа райы – қар, жылбысқы қар, жаңбыр, елдің солтүстік жартысында бұрқасын болжанады.  Республиканың басым бөлігінде ақпанның алғашқы күндерінде ауа температурасының көтерілуі күтіледі:

- елдің батысы мен оңтүстігінде күндіз 0,+10°С дейін;

- республиканың солтүстік жартысында түнде -2-7°С дейін, күндіз -4+1°С дейін.

Елдің шығысы мен орталығында температураның негізгі фоны түнде -12-20°С, күндіз 0,-8°С дейін жылынады деп болжанады.

Бірінші онкүндіктің екінші жартысында Салехард аудандарынан суық антициклонның әсерінен Қазақстанда ауа температурасының төмендеуі болжанады:

- елдің солтүстік жартысында түнде -28-35°С дейін, күндіз -20-25°С дейін;

- оңтүстік жартысында түнде -13-20°С дейін, күндіз -5-12°С дейін, таулы аймақтарда және оңтүстік аймақтардың солтүстігінде түнде -30°С дейін, күндіз -20°С дейін.

Ақпанның екінші және үшінші онкүндіктерінде консультативтік болжамға сәйкес, аязды күндер жылы күндермен алмасады, қар, тұман және көктайғақ күтіледі. Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын, яғни жаңбыр, қар болуы мүмкін.

Суық антициклонның енуіне байланысты  қарқынды суық толқындар болжанады, бұл күндері ауа температурасы төмендейді:

солтүстік жартысында және ҚР орталығында түнде -25-35°С дейін, күндіз -15-25°С дейін;

республиканың оңтүстік жартысында және оңтүстік-батысында түнде -12-22°С дейін, күндіз -3-15°С дейін.

Ал циклондық белсенділік кезеңінде ауа температурасының Қазақстанның солтүстік жартысында күндіз -5+3°С дейін, елдің оңтүстік жартысында және оңтүстік-батысында күндіз +5+15°С дейін жоғарылауы күтіледі.