$ 520.27  537.65  5.24

«Топас, мәңгүрт»: Қоғам белсендісі түк түсінбейтін жастарға налыды (ВИДЕО)

Осы мида түк жоқ пен Топастанграмның кесірі.

Фото: facebook.com/akhmetbeknursila1
Фото: facebook.com/akhmetbeknursila1

Кәсіпкер, қоғам белсендісі қазіргі жастардың әлеуметтік желіде көбірек уақыт өткізетінін, ал кітап оқуға құлықсыз екенін айтты, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, командасындағы жастарды күніне 30 бет кітап оқуға көндіре алмаған. 

«ТикТок – мида түк жоқ, Инстаграм – Топастанграм!

Жасағымда 30-ға жуық жас қыздар мен жігіттерге кітап оқыта алмай әуре болып жатырмын. Әлемде бестселлер болған Михай Чиксентмихайдың Поток деген кітабы, алдыға мақсат қойып,  тұлғалық дамуға көмектесетін керемет кітап! Күніне 30 беттен оқып талдайық деп едік. «Көөөп игере алмаймыз» деп шулап кетті.  Күніне 10 бет деп азайттық, оны да игере алмады. Содан 5 бетке түстік.  Оқығанмен ешқайсысы ештеме түсінбейді, дөрекі айтқанда бәрі «топас, мәңгүрт» болып кеткен, бәрінде жоғары білім бар, біразы студент.

Осы мида түк жоқ пен Топастанграмның кесірі.

Есі дұрыс кез келген жас, бұл желілерде уақыт өлтіруге  өздеріне өздері тыйым салу керек! Қытай осылай санаңа қол салып жаулайды, топастандырады, содан кейін жеріңе қол салады!

Оян Қазақ!», - деп жазды Ахметбек Нұрсила әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары