$ 520.27  537.65  5.24

«Билік білгенін жасай береді»: Қоғам белсендісі TikTok-тағы қауіпті жағдайды айтты (ВИДЕО)

Бұдан пайда көретін жалғыз қауым, ол: Билік! Революция жасауы тиіс жастар ТікТок-та отырады да, билік білгенін жасай береді!

Фото: TikTok. Getty Images/Mateusz Slodkowski
Фото: TikTok. Getty Images/Mateusz Slodkowski

ТікТок әлеуметтік желісінде жұртты қызықтыру үшін ойдан өтірік әңгіме құрастыратындар бар. Бұл туралы Тортуыл Шоқан есімді Facebook қолданушысы әрі қоғам белсендісі жазды. Ол алдымен «анасының құрбысымен жатқан күйеуі» туралы оқиға айтқан қыздың видеосын желіге жариялап, өтірікті судай сапыратындар жөнінде әңгіме өрбітті, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

Жазба авторының пайымдауынша, әлгі видеодағы қыз көпшіліктің қызықтыру әрі көп қаралым, лайк жинау үшін өтірік әңгіме құрастырып отыр.

«Қазақстанда ТікТок монетизациясы ашылды.

Бұрындары, шет елдерде тіркелген аккаунты бар қазақстандықтың стрим үстінде берілген сыйлықтарын ақшаға айырбастап алу мүмкіндігі болса, енді парақшаңа салған видеоңның әрбір 1000 қаралымы үшін 0,02-0,04 цент төленетін болды.

Мұның ұрпаққа қандай зияны бар, соны айтайық!

1. Өтірік айтуға қалыптасу, яғни көп қаралым жинау үшін ойдан история құрастырып айту;

2. Күн өте өтірік айтуды қалыпты жағдай санау;

3. Аз ақы үшін уақыт оздыру, яғни уақыттан ұтылу.

4. Логиканың бұзылуы: тізбекті ойлану қасиетінен айырылу, яғни минуттық видеоларды көріп дағдыланған адамның бір ойды соңына дейін ойлана алмау кемшілігі.

Бұдан пайда көретін жалғыз қауым, ол: Билік! Революция жасауы тиіс жастар ТікТок-та отырады да, билік білгенін жасай береді!

Жә, төменгі видеоны әдейі салып отырмын, көріңдер! Мына қыз өз видеосына қаралым жинау үшін «мамасының подрушкасымен жатқан күйеуі туралы айтқан келіншек әңгімесін..» ойдан құрап айтып отыр. Жә, мұндай историялар енді қаптайды. Онсыз да миы су болған жастар енді қайтер екен, ә?», - деп жазды Тортуыл Шоқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары