04.02.2025, 18:00

Павлодардағы тасжолда бес көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды

Фото: Павлодар облыстық ПД

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін, 4 ақпанда таңертең Павлодар ауылының жанындағы Омбы – Майқапшағай автожолында бес автокөлік соқтығысты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Облыстық жедел жәрдем станциясына жол апаты туралы шақырту таңғы 08:45-те түсті. Жол апаты салдарынан 1959 жылы туған әйел көз жұмды. Ол Mitsubishi автокөлігінің жолаушысы болған. 

Оқиға орнында жедел тергеу тобы әлі жұмыс істеп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.