Кішігірім пранк жасап, оған жаңа пәтерін көрсетіп, тағы да қуанышқа бөлендік.
Астаналық кәсіпкер, флиппер Ерғали Айзат пен Ернат жеке мобилографы Төле есімді қызметкеріне үш бөлмелі пәтер сыйлады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әлеуметтік желіде жарияланған жазбада флипперлердің осы сыйлықты жасау үшін кішігірім пранк ұйымдастырып, Төле есімді жігітті қуантқаны айтылған.
Ерғали Айзаттың сөзінше, Төле бірнеше жылдан бері Астанада отбасымен пәтер жалдап тұрып келген. Айзат пен Ернат бұл сәтті біраз уақыттан бері жоспарлап жүрген екен.
«Біздің қымбатты қызметкерімізге BI Group-тен пәтер сыйладық. 4 жыл бойы адал еңбек еткен Төле осындай сыйлыққа лайық болды. Кішігірім пранк жасап, оған жаңа пәтерін көрсетіп, тағы да қуанышқа бөлендік. Пәтерді Төленің жұбайы Толғанайға ресми түрде тіркедік. Қазақ еліне тағы бір отбасы баспаналы болды. Бұл тек еңбектің жемісі, мақтау мен мадақ тек Аллаға тән. Біз тек себепшіміз», – деп жазды Ерғали Айзат желідегі парақшасында.
Ерғали Айзат – Астана қаласындағы танымал кәсіпкер әрі флиппер.