Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Жасөспірімге тиісті деп айыпталған әнші Алмас Кішкенбаевты 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бүгін Алматы соты Алмас Кішкенбаевты "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша кінәлі деп тауып, 15 тәулікке бас бостандығынан айырды.
Оған қоғамдық тәртіп пен тыныштықты бұзатын жеке тұлғаларға зәбірлеп тиiсті деген айып тағылды.
Іс материалы бойынша ол мас күйінде осындай әрекеттер жасағаны анықталды.
Сотта әнші оқиғаның мән-жайы есінде жоқ екенін айтты.
"1-бөлімнің 434-бабының санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5-тен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу түріндегі жауапкершілікті көздейді".
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.