05.02.2025, 16:20

«Ән қарыз болған»: Шәмші Қалдаяқов әйгілі туындысын қамақта отырып жазған (ВИДЕО)

Фото: gov.kz

Жұбаныш Жексенұлы орындайды, қазақ халқының сүйікті әні.

Жазушы, заманауи ағартушы Санжар Керімбай әйгілі композитор Шәмші Қалдаяқов туралы қызық дерекпен бөлісті, — деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

Шәмшінің танымал «Арқалықтың ақ таңы» әнінің шығу тарихы композитордың бостандығымен байланысты болған.

«Өзбекәлі Жәнібек Шәмшіні екі бөлмелі пәтерге қамап қойған. Маған бір ән қарыз соны жазбайынша қамалып отырады деген. Пәтердегі тоңазытқышты толтырып, өзі сыртынан жауып кетіп қалған. 10-12 күндей композиторды түрмедегідей ұстап отырады. Содан кейін Шәмші: Өзбекәліге сәлем айт, тапсырысы орындалды. Тамаша ән шықты, дейді. Ол атақты «Арқалықтың ақ таңы» шығармасы еді. Жұбаныш Жексенұлы орындайды, қазақ халқының сүйікті әні», — деді ол.

Санжар Керімбайдың айтуынша, Шәмшіні қамаған адамның көзі тірі екен. Қазіргі таңда Шымкент қаласында тұрады.