Не керегі бар, құр солып қалады.
Келіншегіне алып гүл шоғын сыйлаған ер адам көпті сүйсінтті. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq-ruhy.kz-ке сілтеме жасап.
Видеода келіншегіне алып гүл байламын және шоколадты құлпынай қорабын сыйға берілгенін көруге болады.
Алайда әлеуметтік желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі қолдаса, енді бірі мұны ысырапқа теңеді.
«Ысырап емес пе?», «Не керегі бар, құр солып қалады», «Гүл екенін қайдан білді, дайындалған видеолар қызық емес», «Біз ешқашан алмайтын шығармыз, мұндай гүлді», «Демек сол гүлге лайықты жансыз», «Ысырап деп жазып жатқандар, айналайындар-ау, қашан қоясыңдар осы көре алмаушылықты», «Аллаға шүкір, әкелерің керемет адам болып тұр ғой», «Алла бағыңызды ашқан әйел екенсіз», - деп жазды желі қолданушылары.