Арайлым мен Таннұр аман-есен ата-анасына тапсырылды. Ал, 20 жастағы жігіттің денесі табылды.
Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі жоғалған азаматтың өлімі бойынша полиция қылмыстық іс қозғағандығын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
- Алдын ала мәлімет бойынша, зорлық-зомбылық белгілері анықталмады. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр, - делінген ведомство ақпаратында.
Айта кетейік, бұдан бұрын Шымкентте таксиге мінген екі адам табылмай жатқанын жазған болатынбыз. 20 жастағы жігіт Ордабасы ауданынан көлік жүргізу куәлігін алмақ болып, Шымкентке келген. Дегенмен, қайта үйіне қайтпаған. Телефоны да сөніп қалған.
Ал, іздеу жарияланған кәмелет жасына толмаған Арайлым мен Таннұр есімді жасөспірімдер аман-есен табылып, отбасына оралды.