Сондай кезде ойлайсың, неге бұл бұлай?
Желіде бұрынғы мешіт имамының мүфтият пен жергілікті мешіттерге қатысты жанайқайы тарады. Онда имамның не себепті мешіттегі қызметінен кеткені туралы айтылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұрынғы мешіт имамы елдегі мешіттер өз табыстарының 30 пайызын мүфтиятқа беретінін атап өткен.
«Бұл қызметтен кеткен себебім, күн көру мүмкін емес, бала-шаға өсіп жатыр. Балабақшаға барады, пәтерді төлеу керек дегендей. Қазір жиһаз саласына кеттік, сол жұмысты үйреніп, істеп жатырмын. Мешітте жұмыс істедім. Мешіттің системасын айтып өтейін.
Мешітте жәшік болады. Жұма, құрбан айт, Рамазанға барғанда елдер ақша тастап жатады. Жәшікке қанша ақша тастағанын көзіңмен көріп тұрсың. Саған дұрыстап айлық берсе болады ғой, бермейді. Сондай кезде ашуланасың.
Одан кейін жаңағы мешіттерде жәшік тұрады. Саған неке қиып бер дейді, сен наиб имамның көмекшісісің. Адамдар алады да жәшікке тастап кетеді, сен ешқандай табыс таппайсың. Айына бір 50 мың теңге аласың, жиналды дегеннің өзінде. Меніңше ол дұрыс емес нәрсе.
Әділетті түрде бөлінуі керек, ешкім алаланбауы керек. ҚМДБ ортақ ақшаны жинап, бүкіл Қазақстандағы имамдарға айлық беруі керек деп ойлаймын. Қазір мен жиһаз цехында жұмыс істеп жатырмын, арнайы киімімізді алып береді. Бізге мүфтият тіпті шапан, сәждемізді алып бермейді. Біз бүкіл қаржының 30 пайызын мүфтиятқа береміз, соған саған не арнайы киім берілмейді, не оқу оқытылмайды. Имамдарды оқуға шақырады, оның өзі ақылы. Сондай кезде ойлайсың, неге бұл бұлай? Неге реттелмейді деп», — деп айтты ол.