Саяға әкімдік баспана алуға көмектесеміз деп уәде бергенімен, бұл уәде орындалмаған.
Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан Еркебұлан Сыдықбаевтың жары Сая Есенгелді такси жүргізушісі болып жұмыс істеп жүріп, жол апатынан көз жұмды. Артында төрт баласы жетім қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Журналист Лұқпан Ахмедяровтың айтуынша, Сая жол апатынан 4 ақпанда Алматы-Бішкек тас жолында қайтыс болған. Әдетте, ол күндіз курьер, түнде такси жүргізушісі болып жұмыс істеп, балаларын асырауға тырысқан. Саяға әкімдік баспана алуға көмектесеміз деп уәде бергенімен, бұл уәде орындалмаған. Сонымен қатар, әкімдік өкілінің “үй сұрамауын” талап етіп қорқытқаны туралы ақпарат та тарады. Блогер Айжан Хамит Бас прокуратурадан әкімдік қызметкерінің заңсыз әрекеттері үшін жауапкершілікке тартуды сұраған. Сонымен қатар, Алматы әкімдігі марқұмның отбасына қысым көрсетіп, блогердің жазбасын өшіруді талап еткен. Алайда Айжан Хамит жазбасын өшірмейтінін мәлімдеді.
Төрт бала Саяның әпкесінің тәрбиесіне алынатындығы айтылған, алайда, оның да жеке баспанасы жоқ.