$ 506.43  522.43  5.28

Өскеменде белгілі мүсінші үйінде өлі табылды

Валерий Дранишников – Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі. Оның мүсіндерін облыстың көп елді мекенінен көруге болады.

Фото: YK-news.kz
Фото: YK-news.kz

30 қаңтарға қараған түні 69 жастағы Валерий Дранишников тұратын үйде өрт шықты. Өрттен кейін Валерий, оның азаматтық некедегі әйелі мен туысы өлі табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

Осы оқиғадан кейін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде мәйіттерде «зорлық-зомбылықпен өлім белгілері» бар екені туралы ақпарат тарады.

Шығыс Қазақстан полиция департаменті аталған жайтқа қатысты түсінік берді.

«Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды», - делінген хабарламада.

Валерий Дранишников – Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі. Оның мүсіндерін облыстың көп елді мекенінен көруге болады. Өскеменде оның ең танымал жұмыстарының бірі – Б. Александров атындағы спорт сарайының алдында тұрған хоккейші мүсіні.

«Сағат үштер шамасында әпкем анама қоңырау шалып, атамның үйі өртеніп жатқанын айтты. Біз бірден сол жаққа аттандық. Барғанымызда үй толықтай жанып кеткен, ішке ешкімді кіргізбеді. Тек әпкемді марқұмдарды тану рәсіміне қатысу үшін өткізді», – дейді марқұмның немересі.

Немересінің айтуынша, қаза тапқандар жертөледе болған, онда жуынатын бөлме, ас үй және мүсіншінің шеберханасы орналасқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары