06.02.2025, 13:40

Атырауда картоп бір адамға 3 келіден сатылып жатыр

Фото: Pixabay

Қазіргі таңда картоп 180 теңгеден сатылып жатыр.

Атырауда арзан картоп бір адамға 3 келіден сатылып жатыр. Бұл туралы "Атырау" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" хабарлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Тұрақтандыру қорындағы картоп нарықтағы құнынан әлдеқайда төмен бағамен сатылуда. Бірақ арзан картопты көп мөлшерде алып, үстеме бағамен жеке дүкендерде сатуға жол бермеу үшін 1 адамға 3 келіден сатылуда. Бұл – алыпсатарлық әрекетті болдырмау үшін жасалған қадам", - деп жазылған хабарламада.

Қазіргі таңда картоп 180 теңгеден сатылып жатыр.

Тұрақтандыру қорының қоймасында 200 тонна картоп бар. Бұл көлем ақпан айынының соңына дейін жеткілікті.

"Атырау" ӘКК" АҚ Атырау облысының Тұрақтандыру қоры бағдарламасын іске асыру мақсатында 2024-2025 жылдарда бағаны тұрақтандыру үшін жергілікті ауылшаруашылығы өнімін өндірушілерге айналым қаражатын толықтыру үшін қайтарымды қарыздар берілді.

Тұрақтандыру қорына 5667 тонна көкініс өнімі жеткізілді.

Шарттарға сәйкес әлеуметтік маңызы бар көкөніс өнімдері 2024 жылдың 1 қарашасы мен биылғы жылдың наурызына дейін 11 супермаркет, қаланың 3 базарында және 6 сауда павильонында сатылуда.

Тегтер: картоп Атырау