$ 511.18  530.6  5.28

Павлодар облысында пойыз жылқыларды қағып кетті

Полицейлер малдың иесін тапты.

Фото:  Pixabay.com
Фото: Pixabay.com

Павлодар облысында пойыз жылқыларды қағып кетті. Сол себепті пойыз келе жатқан стансасына 11 минутқа кешікті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 5 ақпанда Май ауданы Көктөбе – Жұмыскер стансасы учаскесінде болған.

"Пойыз теміржол бойында заңсыз жайылып жүрген үш жылқыны қағып, шұғыл тежеуге тура келді. Сол себепті пойыз жоспардан тыс 11 минутқа жуық тұрды", - деп хабарлады полиция департаменті.

Полицейлер малдың иесін тапты. Ол Май ауданындағы Саты ауылының 54 жастағы тумасы болып шықты.

Мал бағу тәртібін бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 559-бабы 1-бөлігі бойынша ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 4
Күлкілі 1
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары