$ 511.18  530.6  5.28

SWAT Challenge 2025: қазақ жауынгерлері елге жеңіспен оралды (ВИДЕО)

Дәл қазір елге олжалы қайтқан сарбаздарды Астана әуежайында жақындары мен жанкүйерлері зор қошеметпен қарсы алып жатыр.

Фото: Хабар арнасы
Фото: Хабар арнасы

Қазақ жауынгерлері үздіктер қатарында. Дубай төрінде өткен SWAT Challenge әлемдік жарысында Қазақстанның 5 бірдей командасы алғашқы ондықтан көрінді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 24kz-ке сілтеме жасап.

Ал Ішкі істер министрлігінің «Сұңқар» жасағы сайыстың күміс жүлдегері атанды. Дәл қазір елге олжалы қайтқан сарбаздарды Астана әуежайында жақындары мен жанкүйерлері зор қошеметпен қарсы алып жатыр.

Биылғы сайыстың тарихи ерекшелігі – Ішкі істер министрлігінің арнайы жасақтарының атынан алғаш рет “Томирис” әйелдер командасының қатысуы. Оның құрамында конькимен жүгіру спорты бойынша әлемдік рекорд иегері, 2014 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы, спорт шебері және күштік спорт түрлері бойынша түрлі деңгейдегі жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегерлері бар. «Томирис» командасы барлық сынақтан сәтті өтіп, ерлер командаларымен терезесі тең өнер көрсетті.

Нәтижесінде әйелдер арасында Қазақстан құрамасы екінші орынға көтерілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары