$ 510.49  527.29  5.27

Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасарына іздеу жарияланды

Тергеу мәліметтері бойынша, Сәдуақасовқа Обухов тау-кен байыту комбинатының иесі Виктор Долгалевтің адвокатымен бірге шенеуніктерге 225 миллион теңге көлемінде пара беруге әрекет жасаған деген айып тағылуда.

Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті Ақтау қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Тимур Сәдуақасовқа іздеу жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тимур Сәдуақасов Обухов тау-кен байыту комбинатында заңсыз өндіріс ұйымдастыру ісіне қатысты айыпталып отыр. 2024 жылдың желтоқсанында сот оны кінәсіз деп таныды, бірақ прокуратура апелляциялық шағым түсірген.

 2025 жылдың қаңтарында апелляциялық сот ақтау үкімін бұзып, Сәдуақасов пен оның сыбайластарының қамауға алынуы туралы шешім қабылдады.

Тергеу мәліметтері бойынша, Сәдуақасовқа Обухов тау-кен байыту комбинатының иесі Виктор Долгалевтің адвокатымен бірге шенеуніктерге 225 миллион теңге көлемінде пара беруге әрекет жасаған деген айып тағылуда. Бұл ақша Долгалевтің бұрынғы серіктестеріне қарсы қылмыстық іс қозғау үшін аударылуы тиіс еді.

Айта кетейік, Тимур Сәдуақасов 2019 жылдың ақпанынан бастап Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары