Егемендік алғаннан бері қаншама совхоз бен колхоз жабылып қалды.
Әлеуметтік желілерде Маңғыстау облысында қаңырап қалған ауылдың видеосы тарады, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.
Әлгі видеодан Каспий теңізінің жағалауы және әбден тозығы жетіп, иесіз қалған үйлер көрінеді.
Видеоны көрген желі қолданушылары түрлі пікір жазуда.
«Кезінде арам ойлы ұлттар қазақтың Ескі қалаларында осылай құртқан. Ақкөңіл қазағым!», «Бұрын гүрілдеп тұрған ауылдар қазір жап-жалғыз қалды. Барып көрсең, жүрегің ауырады. Егемендік алғаннан бері қаншама совхоз бен колхоз жабылып қалды», «Бұл жер жын-шайтанның мекені болып кеткен шығар, қорқынышты көрініс», «Маңғыстауымызды осындай күйге қалай түсірген? Сенбей отырмын, бұл мүмкін емес сияқты!» деп жаза жөнелді көпшілік.