$ 511.18  530.6  5.28

Ақтаудағы ұшақ апаты: Әзербайжандық кәсіпкер қаза тапқан қазақстандықтардың туыстарына пәтер берді

Бұл оқиға бүкіл әлемге біздің бауырлас халық екенімізді тағы бір мәрте паш етті.

Фото: Azertag.az
Фото: Azertag.az

Әзербайжандық кәсіпкер Амиль Юсифов AZAL ұшағының апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың отбасыларына пәтер кілттерін табыс етті. Сондай-ақ қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлерге үш жаңа көлік сыйлады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ақтауда AZAL әуе компаниясының әуе апатында қаза тапқандарды еске алуға арналған шара өтті.

Шара барысында әзербайжандық кәсіпкер Амиль Юсифов қаза қазақстандықтардың туыстарына Алматыдағы жаңа тұрғын үй кешенінен екі бөлмелі бес пәтердің кілтін табыс етті. Сонымен қатар, Ақтау қаласындағы құтқарушыларға үш жаңа көлік, аурухана мен жедел жәрдем станциясына қажетті жабдықтар сыйға тартты.

"Бұл оқиға бүкіл әлемге біздің бауырлас халық екенімізді тағы бір мәрте паш етті. Бұл жай ғана сөз емес, Ақтауда өз көзімізбен сезінген бауырмалдықтың шынайы көрінісі", – деді Әзербайжанның Қазақстандағы елшісі Агалар Атамоғланов.

Атамоғланов кәсіпкерге Әзербайжан мен Қазақстан халықтары арасындағы достықты дамыту мен нығайтуға қосқан баға жетпес үлесі үшін елшілік атынан алғыс хат табыс етті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 110
Ұнамайды 1
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары