200-ден астам әннің авторы.
Осыдан 79 жыл бұрын (1946-2020) композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Кеңес Дүйсекеұлы ДҮЙСЕКЕЕВ дүниеге келген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
Қызылорда облысы Қазалы ауданында туған. Алматы консерваториясын бітірген.
1974-1976 жылдары «Гүлдер» ансамблінің бас дирижері және музыкалық жетекшісі. 1976-1979 жылдары «Қазақконцерт» гастрольдік-концерт бірлестігінің музыкалық жетекшісі. 1975-1984 жылдары Қазақ теледидары музыкалық редакциясының бас редакторы болып қызмет атқарған. Оның жетекшілігімен «Тамаша», «Халық – талант қайнары», «Шабыт», «Жастарға арналған музыкалық кештер», «Музыка әлемінде», т.б. теледидарлық бағдарламалар шығарылды. 1984-1997 жылдары Қазақстан мемлекеттік телерадио комитеті эстрадалық-симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері. 1997 жылдан «Қазақконцерт» гастрольдік-концерт бірлестігінің көркемдік жетекшісі. Ол «Толғау» симфониясының, «Жалаңтөс батыр» симфониялық поэма-картинасының, «О, дүние» кантантасының, «Жыл мезгілдері» романстар циклінің, «Мәди», «Аққу Жібек» мюзиклінің, «Алдар көсе» опереттасының, симфония-концерттер, аспаптарға арналған концерттер, камералық оркестрге шығармалар, соната, рапсодия, вариациялар және 200-ден астам әннің авторы.
«Құрмет» орденімен және медальдармен марапатталған.