$ 501.31  520.11  5.33

Жамбыл облысында жоғары шенді полицей ұсталды

Қылмысты жасыру аудан аумағында болған 10 700 000 теңге қаражатты жымқыруға қатысты арызды Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркемеу арқылы жүзеге асырылған.

Фото: Алматы полиция департаменті
Фото: Алматы полиция департаменті

Жамбыл облысында ауыр қылмысты жасыру дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

Байзақ ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасарына қатысты ҚК-нің 433-бабының 2-бөлігімен ауыр санаттағы қылмысты қасақана жасырды деген күдікпен соталды тергеп-тексеру басталды.

«Қылмысты жасыру аудан аумағында болған 10 700 000 теңге қаражатты жымқыруға қатысты арызды Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркемеу арқылы жүзеге асырылған. Жиналған дәлелдемелердің жиынтығымен күдіктінің іс-әрекеті ҚК-нің 433-бабы 3-бөлігінің 2) тармағымен сараланды (ауыр қылмысты адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасыру).

Күдікті полиция қызметкері ҚПК-нің 128-131-баптарының тәртібімен ұсталып, оған қатысты сотпен «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда»,  - делінген хабарламада.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялануға жатпайды.

Бас прокуратура құқық бұзушылықтарды тіркеу кезінде есепке алу-тіркеу тәртібін сақтаудың маңыздылығына баса назар аударады және қылмысты есептен жасыру үшін 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделгенін ескертеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары