$ 501.31  520.11  5.33

Кенесары ханның өлімі үшін қазақтардан кешірім сұраған қырғыз жігіт қамауға алынды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, Қайрат Примбердиевке араздықты қоздырды деген айып тағылды.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Қырғызстанда Кенесары ханның басы алынғаны үшін өз атынан қазақтардан кешірім сұраған әнші Қайрат Примбердиевті Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті қамауға алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 24.kg агенттігіне сілтеме жасап.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, Қайрат Примбердиевке араздықты қоздырды деген айып тағылды.

“Ayran – YouTube арнасында сөз сөйлеп, ұлтаралық араздықты қоздыруға бағытталған мәлімдемелер жасады. Қайрат Примбердиевке қатысты ешқайда шықпау туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды”, – делінген хабарламада.

Қазіргі тиісті тергеу және процессуалдық іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті нәсілдік, этникалық, ұлттық, діни немесе аймақаралық араздықты (алауыздықты) қоздыруға бағытталған әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ескертіп, бұл үшін заңда он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары