10.02.2025, 14:00

«Таиландтық келін ұл сыйлады»: Маңғыстау тұрғыны сүйінші жаңалығын бөлісті (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Әулеттің жақындары енесінің келінін қатты уайымдағанын айтады.

Таиландтан келін түсірген маңғыстаулықтар немерелі болғанын айтып, елден сүйінші сұрады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Дүниеге шекесі торсықтай ұл бала келген.

“Таиландық келін ұл сыйлады. Немеремнің иісіне басым айналып, дүниенің бәрін ұмытып жатырмын. Ақ жаулықты әжелердің қатарына қосылдым. Жарық дүниеге қош келдің, Аланым. Әрбір шақырақ ұрпақты болсын, ырысты болсын, ырысы жұртқа жұғысты болсын”, – деп жазба жариялады Гүлсім.

Аланның әжесі әулетті қуанышқа бөлеген келініне ерешке алғыс білдірді. Әулеттің жақындары енесінің келінін қатты уайымдағанын айтады.

“Апам келінін қатты жақсы көреді. Босанғанша, ұзақ толғатқанда “келінім шаршап қалды-ау” деп уайымдап, мың рет хабарласқан шығар. Қасында анасы, бауырлары болмағанға уайымдап, бар жағдайын жасады. Ана орнына ана болды”, – деп жазба астында пікір қалдырған.

Желі қолданушылар әулетті қуанышымен құттықтап, нәрестеге ақ тілектерін жаудырды.

“Құтты болсын. Бауы берік болсын. Менің де немеремнің аты Алан”, Қандай бақыт! Балапанның бауы берік болсын! Бәрімізге жұғысты болсын, әмин”, “Жүзің қандай мейірімді болса, ұрпағыңда сондай мейірімді болсын, жаным”, “Келіннің күлгеніне мәз болып қарап отырмын. Балапанның жасы ұзақ болсын”, – деп жарыса жазды желідегілер.