10.02.2025, 16:20

Ербол Хамитов пара биатлоннан әлем чемпионы атанды (ВИДЕО)

Фото: Турзим және спорт министрлігі

Бұған дейін Словениядағы әлем чемпионатында Ербол Хамитов 7,5 қашықтыққа жарыста қола жүлдегер атанған. 

Қазақстандық спортшы Ербол Хамитов пара биатлоннан әлем чемпионы атанды. Қазақстан әлемдік дода пара биатлоннан алғаш рет алтын медальға қол жеткізді, деп Sкifnews.kz ақпарат порталы Спорт комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Пара биатлоннан әлем чемпионаты Словенияның Поклюка қаласында 4-9 ақпан аралығында өтті. 27 жастағы Петропавл тумасы Ербол Хамитов жекелей жарыста 12.5 км қашықтықты 35:29.01 уақыт аралығында игеріп, әлем чемпионы атанды. Күміс медаль канадалық Дерек Заплатонскийке (35:36:3 ), ал қола жүлде америкалық Аарон Пайкке (35:37:8) бұйырды.

Еске салсақ, бұған дейін Словениядағы әлем чемпионатында Ербол Хамитов 7,5 қашықтыққа жарыста қола жүлдегер атанған.