11.02.2025, 00:30

«Имамды ұрғанды көрсетейін...»: Ақсақал желіні шулатты (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

Мүфтияттың артында Қазақстан тұр!

Әлеуметтік желіде имамдарды қорғап сөз сөйлеген бір қария елдегі діни жағдайға қатысты пікір білдіріп, көпшіліктің сынына ұшырады, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

 Әлеуметтік желіде тараған видеода қарияның аты-жөні мен қызметі туралы мәліметтер табылған жоқ. Бірақ оның сөзінен аңғарылғандай, Алматы облысындағы Жаркент қаласы маңында тұрады.

Қария бұрынғы бір оқиғаға тоқталып, имамның қадірін жете түсіндірді.

«Бұрын имамға төрден орын беретін. Оны бас имамның алдына қоятын. Егер имамның әйелі болмаса, қалыңмалын төлеп, қыз әперетін. Малы жоқ болса, мал беретін. Ата-анаң, бауырың қайтыс болса, имам жаназасын оқыған. Ұл-қызың өскенде, некесін қиған — сол имам еді. Ал енді сол имамды кім ұрды дегенде, мен бір өзім, ешкімі жоқ, Албан елінде, Жалаңаш деген жерде учаскелік милицияны шақырдым. Милицияның погонынан ұстап: «Мүфтияттың артында Қазақстан тұр! Мүфти мен имамдардың артында Президент бар!», - деп ескерту жасадым.

Мүфтиятқа қарсы адам — қазақ емес!», - деді  қария.