10.02.2025, 18:40

«Аман алып қалуға болар еді»: Атыраулық әйел 5 жасар қызының өліміне дәрігерлерді кінәләп отыр

Фото: видео криншот

Түскен кезде бүлдіршіннің жүрек соғысы әлсіз болған.

Атырау тұрғыны 5 жасар қызының өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр. Сөзінше, мамандар науқас қызына қажетті шараларды жасамаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Атыраулық әйел бір апта бұрын 5 жасар қызы Жасмин Нариманқызының жедел жәрдеммен облыстық балалар ауруханасына жеткізілгенін айтады. Түскен кезде бүлдіршіннің жүрек соғысы әлсіз болған.

“Қызымнан тахикардия белгілерін байқадым. Дәрігерлер дереу қажетті шараларды қолданбады, олар оттегімен әлек болды, содан кейінжүрекке массаж жасады. Адреналинді мен талап ете бастағанда ғана енгізе бастады. Неліктен мен дәрігерлерді үйретуім керек, оларға не істеу керегін айтуым керек пе?”, – деді ана.

Сөзінше, бұл манипуляцияларды жасауға 2 сағат кетті және дефибриллятор қолданылмаған.

“Мен шыдай алмай бөлмеге кіріп кеттім. Қызымның жасанды желдеткіштің түтігін тістеп алғанын көрдім, бұл оның өмірі үшін күресіп, қиналғанын білдіреді. Сонда да дефибрилляторды ешкім әкелген жоқ", – дейді әйел.

Әйел қызын аман алып қалуға болар еді дейді. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүгініп, тергеудің әділ өтуіне көмек сұрады.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты қызметтік тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Басқарма бұдан басқа мәлімет бермеді.