$ 510.49  527.29  5.27

Арыстанбек Мұхамедиұлы түрмеде аштық жариялағаны рас па?

Алайда қылмыстық атқару жүйесі ақпаратты растамады.

Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Желіде Арыстанбек Мұхамедиұлының аштық жариялағаны туралы ақпарат пайда болды. Оның өз қолымен жазған үндеуі парақшасында пайда болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Экс-министр Facebook парақшасында сот билігінің әрекеттеріне қарсы екенін жеткізді..

"Мен, Мұхамедиұлы Арыстанбек, сот билігінің озбырлығы мен заңсыз әрекеттеріне наразылық білдіріп, өлмейінше аштық жариялаймын", – делінген хабарламада.

Ақмола облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті аштық жариялау туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

"Ол тамақ ішіп жатыр, бұл бейнебақылау камералары арқылы расталған. Одан ешқандай арыз да, шағым да болған жоқ. Сонымен қатар белгіленген тәртіппен сотталушы ұялы телефон қолдана алмайды. Бұл ретте оның атына әлеуметтік желіде жарияланған жарияланым бойынша тергеу жүргізіліп жатыр”, – деп мәлімдеді қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі. 

Департамент жалған ақпарат үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары